2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number – банктік шоттың халықаралық нөмірі) және тиісінше ISO 9362: BIC (Bank Identifier Code – банктік сәйкестендіру кодтары) халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері және банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары қолданылатындығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ клиенттердің банктік шоттарының нөмірлерін IBAN жаңа стандартына көшіру жөніндегі жұмысты жүргізеді, сондай-ақ, туындайтын сұрақтар бойынша кейбір түсіндірулер беріп, және IBAN, ВІС қолдануға тиімді көшу мақсатында қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін ұсыныстар жасайды.
IBAN – бұл Халықаралық Стандарттау Ұйымымен және Банктік стандарттардың Еуропалық комитетімен шығарылған банктік шот нөмірінің халықаралық стандарты (әлемнің 45-тен астам елінде қолданылады). IBAN енгізудің басты мақсаты төлемдердің автоматты өңделуін жақсарту, қате кеткен төлемдер санын және оларды тексеруге кететін уақытты қысқарту, халықаралық төлемдерді өңдеу уақытын жылдамдату болып табылады.
ВІС (Bank Identifier Code) – Қазақстан Республикасының төлем жүйелеріне қатысушыларын белгілі бір сәйкестендірудің әмбебап әдісі.
Қазақстан Респубикасының аумағында клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері және банктердің банктік сәйкестендіру кодтары (IBAN жэне BIC) Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүзеге асыру үшін, сол сияқты халықаралық төлемдер үшін де қолданылатын болады.
Қазақстандағы IBAN құрылымы 20 әріптік-сандық символдардан тұратын болады және мынадай жолмен қалыптастырылады:
IBAN-ды көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында шоттың нөмірін қағаз тасымалдауыштарда әрбір төртінші белгіден кейін арасын бөле отырып көрсетуге рұқсат беріледі:
KZCC БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ
Алайда, электронды нысандағы төлем және басқа құжаттарды толтырған кезде банктік шоттың нөмірі бос орын қалдырылмай енгізілуі тиіс.Сондай-ақ бұл жағдайда банктік шот нөмірінің алдына ешқандай да басқа қысқартуларды қосуға болмайды (мысалы, IBAN, A/C, Account No және т.б.):
KZCCБББХХХХХХХХХХХХХ
Клиенттердің барлық банктік шоттары (ағымдағы және жинақтау шоттарын қоса).
Бас банктердің жаңа ВІС-кодының құрылымы латын алфавитінің 8 әріптік-сандық символдарынан тұратын болады:
HSBC Банк Қазақстан жаңа банктік сәйкестендіру коды – HSBC KZ KA 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сізде қандай-да бір сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Банктің кез-келген бөлімшесіне келе аласыз, сондай-ақ, Алматы қаласында Банктің Call Centre 259-69-00 телефоны бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағында қала телефонынан 59-69-00 телефоны бойынша ақысыз байланыса аласыз.