Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Құпиялылық туралы мәлімдеме

Сіз бізге беретін бүкіл ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін біз төмендегі құпиялылық қағидаларын пайдаланамыз:

1. Біз тек Сіздің қаржылық мұқтаждарыңызды түсіну үшін және біздің қызметімізді жүргізу үшін қажетті әрі маңызды деп санайтын ақпаратты ғана жинаймыз.

2. Біз Сіздің ақпаратыңызды Сізге ең жақсы қызметтер мен өнімдерді ұсыну үшін пайдаланамыз.

3. Біздің Сіз берген ақпаратты HSBC Тобының басқа компанияларына немесе агенттеріне беруге құқығымыз бар.

4. Біз Сіз келісім берген немесе заң бойынша талап етілген жағдайларды қоспағанда, Сіздің ақпаратыңызды бөгде ұйымдарға жария етпейміз немесе біз бұл туралы Сізге алдын ала хабарлаймыз.

5. Мезгіл-мезгіл бізден Сіздің ақпаратыңызды мемлекеттік органдарға немесе сот органдарына, немесе агенттіктерге, немесе біздің қызметімізді реттейтін органдарға жария ету қажет болуы мүмкін, бірақ біз оны тек олардың тиісті өкілеттіктері болған жағдайда ғана жария етеміз.

6. Біз Сіздің ақпаратыңызды үнемі жаңартуға тырысамыз.

7. Біз сенімді қауіпсіздік жүйелерін пайдаланамыз, олар Сіздің ақпаратыңызға кез келген адамның, соның ішінде біздің қызметкерлеріміздің рұқсатсыз қатынауына жол бермеуге арналған.

8. HSBC тобының барлық компанияларының, біздің барлық қызметкерлеріміздің және Сіздің ақпаратыңызға қатынауға рұқсат етілген барлық үшінші тұлғалардың ақпараттың құпиялылығын сақтау бойынша бізбен бірдей құқығы бар.

Осы қағидаларды ұстана отырып, біз HSBC-ге Сіздің көрсететін сеніміңізді ақтаймыз деп кепілдік береміз.